16
наурыз
2023
БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК
"БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК"
"Бір тал кессең, он тал ек" қағидасын мықтап ұстанған қазақ үшін тал егу – артына ұрпақ қалдыру секілді ұлы істердің бірі. Сол үшін де Наурыз мерекесі ырыс пен еңбектің, молшылық пен татулықтың мейрамына айналған. Тал егу арқылы балалардың табиғат-Анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Талшыбықтай нәзік жасөспірім табиғаттың адам баласына қаншалықты пайдалы екендігін құр ауызбен немесе сынып ішінде оқылатын дәріспен жете ұғынбасы анық.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Біздің ұстаздық міндет – оны бала санасына сөз күйінде емес, қарекет түрінде де сіңіру.
№112 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-11-сынып оқушылары мектеп әкімшілігімен бірге осы дәстүрді жалғастырды.





