04
сәуір
2023
*ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ*


⚘⚘⚘ҚЫЗ ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ





*ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ*
04.04.2023жылы Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты No112 Б.Садықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспарына және "Әжелер мектебі" жоспарына сай 7-11 сынып қыздар арасында "Ерте жүктіліктің алдын алу" және Қыз балалардың әлеуметтік желілерде бейтаныс адамдармен сөйлеспеуі туралы түсіндіру бейнероликтер қойылып түсіндірілді. Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтау негізінде қыз тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыру және жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің, құқықбұзушылықтің алдын алу. Жиналыс барысында мектеп директоры Турсынбаева Шәкизат Тешебаевна және зейнеткер ұстаздарымыз Сәулебаева Аяткул, Кенжаева Мухаррам ұстаздарымыз сөз алып Смарт телефондың зияны, "Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?, "Ерте жүктілік несімен қауіпті?"- деген сауалдарға пікір алмасты. Мемлекетіміздің өркендеуі-келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесінде екендігін айтып, қыздарды әрбір қадамдарын бағамдап басуға шақырды.





