26
қыркүйек
2023
МЕН МАТЕМАТИКАМЕН ДОСПЫН!!!!
МЕН МАТЕМАТИКАМЕН ДОСПЫН!!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы білім беретін мектебінде математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылыққа баулу, түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу мақсаттарымен МИФ апталығы өткізілуде.
26.09. күні математика пәні мұғалімі Шамұрат Нұрай "Мен математикамен доспын" тақырыбында 5-"А" сыныбына ашық сабақ өткізді. Функционалды сауаттылықты арттыруға арналған ойын түріндегі тапсырмаларға оқушылар белсене қатысты. Сабаққа мектеп мұғалімдері қатысып "жақсы өтті"- деген пікір білдірді!




