13
қазан
2023
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!!
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде үштік одақтың жұмысын күшейту және оқыту мен оқытылудағы олқылықтарды жою, өзара әдіс-тәсіл алмасу мақсатында ашықтық пен жариялылық ұстанымымен "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!" ұйымдастырылды.
2-ші және 10-сыныптарға өткізілген ашық есік күнінде ата-аналар келіп сабақтарға қатысты. Үйде баласын басқа қырынан танитын ата-ана үшін баласын мектеп қабырғасында екінші бір қырынан тануға мүмкіндік берген күн болды. Ұстаздар да сабақ арасында ата-аналарды сабаққа қатыстырып, сұрақтар қойып оқушылар әлеміне енуге шақырды. Пән мұғалімдері әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға таңсық, өзгеше ойындармен өткізді.
Әр ата-ана баласының қандай ортада білім алып жатқаны, ортасы қандай екені жайлы хабардар болуы керек. Ұлт болашағы қазіргі ұрпақтың қолында. Сара жолдарын саралауды үйренсе біз МӘҢГІ ЕЛ боламыз!!!












