02
қараша
2023
"Шымқала" тарихи мұражайына 7-сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тарихи орындарға саяхатты жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған "Шымқала" тарихи мұражайына 01.11.2023ж. 7-сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға тарих пәнінің мұғалімдері Г.Мирхаджиева мен И.Ибрагим жетекшілік жасады. Оқушылар күзгі демалыс уақытын тиімді пайдаланып, тарихи деректермен, құнды жәдігерлермен танысып, керемет әсерге бөленіп қайтты.








