14
желтоқсан
2023
"МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН"
"МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы білім беретін мектебінде тілдер бірлестігінің "Поэзия, сен менімен егіз бе едің?" атты айлығы мен "Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі" атты тарих-география онкүндігін қорытындылау мақсатымен "Тәуелсіздік - тұғырым!" атты іс-шара ұйымдастырылды. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу, егемендіктің оңай келмегенін ескеру, оқушылардың бойында патриоттықты нығайту мақсатында өткізілген шарада оқушылар бар өнерлерін көрсете білді.
Әр ұлттың поэзия биігінде ұлықталған ұлы тұлғаларының кейіпінде оқушылар өлең оқып, Захир-ад-дин Мухаммад Бабурдың өмір жолынан алынған көрініс қойылды. Қожа Ахмет Яссауидың туғанына 930 жыл толуына орай "Ахмет Яссауидың балалық шағы" тақырында шағын қойылым көрініс тапты. Желтоқсан оқиғасынан да үзінді көрсетіліп, "Тәуелсіздік күніне" арналған өлеңдер оқылды.
Мектеп директоры Турсынбаева Ш.Т. егемендіктің оңай келмегенін сөзге тиек етіп, ел ертеңі жастардың қолында екенін құттықтау сөзінде айтып өтті.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.







