31
мамыр
2023
31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Президентіміз 1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған. Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1927-1953 жылдар аралығында қазақ жерінде 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш арыстары бар.
31 мамыр қуғын –сүргін құрбандарына тағзым жасауда Б.Садықов атындағы 6 «А» сынып оқушыларына тарих пәнінің мұғалімі И.Ибрагимнің жетекшілігімен мұражайға саяхат сабақ ұйымдастырылды. Оқушыларға мұражай қызметкерлері тарихи оқиғалар туралы түсіндіріп, «Зұлмат» кинофильмін көрсетті.
Оқушылар өткеніміздің тарихынан мағлұматтар ала отырып, тарихи санасы жетілдірілді.


