"СЕНБІЛІК - БАРШАҒА ОРТАҚ ІС"
СЕНБІЛІК - БАРШАҒА ОРТАҚ ІС Мектебімізде санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Осыған орай, бүгін "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы аясында мектебіміздің педагог және техникалық қызметкерлері сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, көше бойын, мектеп айналасын күл-қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан, арамшөптерден тазарту жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.