"ҰСТАЗ-ӨЗІҢМЕН МАҚТАНАМЫН" » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2022

"ҰСТАЗ-ӨЗІҢМЕН МАҚТАНАМЫН"

"ҰСТАЗ-ӨЗІҢМЕН МАҚТАНАМЫН"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы N112 жалпы орта мектепте “ Ұстаз-өзіңмен мақтанамын” атты зейнет жасына шығарып салу рәсімі өтті. Ұстазымыз Кенжаева Мухарам Мавлановна педагогика саласында 40 жылдан астам аянбай еңбек етті. Осы жылдары  аралығында өзінің және оқушыларының көптеген жетістіктері бар. Іс- шараға мектеп әкімшілігі, мектеп мұғалімдерімен қатар отбасыда қатысты. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің директоры Шакизат Тешебаевна сөз алып, ұстазымызға ізгі тілегін арнады. Мектебіміздің мұғалімдеріде Кенжаева Мухарам Мавлановнаның  әріптестері үшін де, оқушылар үшін де үлгілі ұстаз екенін атап өтті. Мектебімізге еңбегі сіңген математика пәнінің мұғалімі, асыл ана Мухарам Мавлановнаның дара жолы туралы сөз қозғалды. 
Зейнетке шыққан  мұғалімге тілеріміз: 
Қуанышыңыз құтты болсын!
Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы - Отанда, ұл - қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын!
Әрбір ұстазға осындай қуаныш бұйырсын!!!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив