05
қаңтар
2023
КОУЧИНГ САБАҚ
КОУЧИНГ САБАҚ
Шымкент қаласы білім басқармасының Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектепте ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні коучинг өтті. Коучингті ДОІЖО Юлдашева Зилола, ДОІЖО Исмаилова Дилдора, тренер-мұғалім Индира Ибрагим өтті.
Коучинг 3 тақырыпты қамтиды:
1. Kundelik.kz дұрыс қолдану
2. БЖБ және ТЖБ ны құрастыру жолдары
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді жоспарды жазудың тиімді тәсілдері
Мақсаты: мұғалімдердің сапалы білім беруіне ықпал ете отырып, әдістемелік көмек ұсыну. Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін бағалау (жиынтық және формативтік) тиімділігін қамтамасыз етуде көмек көрсету;
Оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсыну;



