20
қаңтар
2023
20 қаңтарда жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасының Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектепте 20 қаңтарда ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыс жаңа форматта өтті. Яғни, ата-аналар мектеп директоры, социолог, директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарларымен жеке-жеке сөйлесіп, сұрақтарына жауап таба алды. Алдағы уақытта мұндай форматта ата-аналар жиналысы жалғасын таппақ.






