07
ақпан
2023
Тренинг
ТРЕНИНГ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 ақпан күні кәсіптік бағдар беруші Ескараева Гульбаян Казбековна және педагог-психолог Исаметова Хамидахан Махмудхановнаның ұйымдастыруымен "Өзіңе сен! Сен ҰБТ- да жеңіске жетесің!" атты тренинг өткізілді.Шәкірттерімізге ҰБТ - сынақ емес,өзіңді көрсетудің жолы екенін ұғындырды.Адам баласы түрлi сипаттағы талай талай сынақ тапсырады. Әр жас кезеңнің, әр даму шақтың өзіне тән ауыртпалығы болатын сынақтан ешкім құтыла алмайды. ҰБТ - ны қатты қиындататын адамның қорқынышы, мазасыздануы, уайымы. Қатты толқу мен мазасыздану мұқияттылықты төмендетіп ,ойыңызды шоғырландыруға кері әсерін тигізеді. Оқушылар осы тренинг арқылы жоғарыда айтылғандарды толығымен бойына сіңіре алды.Бойындағы қорқыныштарын жеңіп,өздеріне деген сенімділіктерін арттырды.


