12
қыркүйек
2023
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы білім беретін мектебінде Әдістемелік орталықтың жылдық жоспары негізінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатымен "ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!" тақырыбында айлық өткізілуде.
12. 09.2023ж "Тіл - тұмарым!" тақырыбында 5-сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. Жетекшілері әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары Орумбаева Айша мен Миркурбанова Донохон ұйымдастыруымен өткен сынып сағаты жоғары деңгейде өтті. Қазақы нақышта киінген өнерпаздар қазақ тілінде ән шырқап, мың бұрала биледі. Сөз асылы өлеңнін де майын тамыза оқып берді, қазақ тілі туралы тағы тарихы мен ерекшеліктері де айтылып өтті. Соңында директор Турсынбаева Шакизат қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларға алғысын білдірді.



