07
қыркүйек
2023
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы білім беретін мектебінде Әдістемелік орталықтың жылдық жоспары негізінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатымен "ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!" тақырыбында айлық өткізілуде.
07.09.2023ж "Русский язык в умелых руках и в опытных устах - красив, певуч, выразителен. Мудрость народа в пословицах, поговорках и в загадках" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Идрисова Ақида 7-сыныпқа ашық сабақ өткізді.
Сабаққа мектеп мұғалімдері қатысып, оқушыларға тақырып төңірегінде қосымша ойларын білдірді.
Сабақ қызықты әдіс-тәсілдерге толы өтті.
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.
(М.Шоқай)



