15
қыркүйек
2023
"МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН"
"МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН"
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
ОТБАСЫ КҮНІ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 жалпы білім беретін мектебінде қалалық Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасының 2023 жылғы 04 қыркүйегіндегі хатына сәйкес "Отбасы күні" мерекесі аясында жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.
15 .09 күні 3-сыныптарға "Мейірімділік жүректен!" тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері Толаметова Гулзахро мен Исаметова Махира өткізген жиын отбасы күні аясындағы ашық сұқбат түрінде мейірім жайындағы әңгімелермен өрбіді. Мейірім нұрын балаларға құйған сайын, болашағы жарқын, ой өрісі кең, рухани құндылықтарға толы ел ертеңін өсіреріміз анық!





