20
қыркүйек
2023
ЖАС МАМАНДАР ДЕБАТЫ!!!
ЖАС МАМАНДАР ДЕБАТЫ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 жалпы білім беретін мектебінде "Бақытты ақшаға сатып алуға болады!", "ХХІ ғасырдың ең басты қателігін көрсетеді!", "Қазақстандағы туризм саласын дамытудың басты бағытын көрсетеді!", "Сыбайлас жемқорлықты жою дамудың басты бағыты деп есептейді!" тақырыптарында жас мамандар дебаты өткізілді.
Жалпы саны 14 команда шығып, бастапқы кезең бойынша додаға түсті. Тақырыптың тамырын тереңге жайған екі жақтағы қатысушылардың да аргументтері осал болмады. Ұпай саны басым топтар келесі кезеңге өтіп отырды. Төрешілердің шешімі бойынша Турдиматов Хурмат пен Шамұрат Нұрайдың тобы жүзден жүйрік атанды.
Ұйымдастырушы мектеп әкімшілігі мен директорымыз Турсынбаева Шакизат Тешебайқызына қызықты ойын үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!!



