20
қыркүйек
2023
ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІ!!!


ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 жалпы білім беретін мектебінде «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатымен "Мықты ұлт отбасыда қалыптасады!" тақырыбымен әжелер кеңесі өткізілді.
Мектебіміздің үлгі тұтатын жасы үлкен ұстаздары мен оқушы қыздар арасында болған кездесуде тәлім-тәрбие, отбасы, мейірім т.б. құндылықтар хақында әңгімелер өрбіді. Қонақтарымыз өз өмірлерінен қызықты естеліктер айтып, қыздарымызды өнерлі, бәсекеге қабілетті болуға шақырды. Іс-шараны мектеп тәлімгері Нуржанова Шахноза, психолог Исаметова Хамида, медбике Ашурметова Минавардың ұйымдастыруымен өткізілді.
Мейірім нұрын балаларға құйған сайын, болашағы жарқын, ой өрісі кең, рухани құндылықтарға толы ел ертеңін өсіреріміз анық!



