28
қыркүйек
2023
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы білім беретін мектебінде Әдістемелік орталықтың жылдық жоспары негізінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатымен "ТІЛІМ - МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!" тақырыбында айлық өткізілуде.
28. 09.2023ж "Жалқау" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен ертегілік қойылым көрсетілді. Қойылымды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлібай Айшолпан ұйымдастырды. Оқушылардың өнерге деген екінші тынысы ашылып, қойылымнан мол тәлім-тәрбие ала білді!



