АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!! » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қазан
2023

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!!

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы N112 жалпы орта білім беретін мектебінде үштік одақтың жұмысын күшейту және оқыту мен оқытылудағы олқылықтарды жою, өзара әдіс-тәсіл алмасу мақсатында ашықтық пен жариялылық ұстанымымен "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!" ұйымдастырылды. 
   2-ші және 10-сыныптарға өткізілген ашық есік күнінде ата-аналар келіп сабақтарға қатысты. Үйде баласын басқа қырынан танитын ата-ана үшін баласын мектеп қабырғасында екінші бір қырынан тануға мүмкіндік берген күн болды. Ұстаздар да сабақ арасында ата-аналарды сабаққа қатыстырып, сұрақтар қойып оқушылар әлеміне енуге шақырды. Пән мұғалімдері әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға таңсық, өзгеше ойындармен өткізді. 
    Әр ата-ана баласының қандай ортада білім алып жатқаны, ортасы қандай екені жайлы хабардар болуы керек. Ұлт болашағы қазіргі ұрпақтың қолында. Сара жолдарын саралауды үйренсе біз МӘҢГІ ЕЛ боламыз!!!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив